Морфология. СӨЖ 1-тапсырма


Профессор Ә.Ибатовтың жіктеуі



бет2/4
Дата27.09.2023
өлшемі69,06 Kb.
#110719
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ1 морфология

Профессор Ә.Ибатовтың жіктеуі

Профессор С.Исаевтың жіктеуі

Профессор А.Ысқақовтың жіктеуі

Ә.Ибатов
Ә.Ибатов «сөздің морфологиялық құрылымы» атты монографиясында сөзді екі бөлікке бөліп,оны негізгі морфемалар,қосымша морфемалар деп атауды ұсынады,әрқайсысына түсіндірме береді. Түбір морфеманы 3-ке бөледі. Қосымша морфемаларды 2-ге бөліп қарастырады. Қосымшалар (негізгі морфемаға қосылатын)және қосалқылар(негізгі сөзге тіркеліп қолданылатын). Ал қосымшаларды мынадай топтарға бөледі:1.сөзжасам қосымшалары
2.Сөзтүрлем қосымшалары
3.Сөзбайлам қосымшалары

С.Исаев
Қазақ тіл білімінде қосымшалар морфеманың бір түрі
ретінде мағыналы ерекшеліктері мен қызметі жағынан жалғау
мен жұрнак болып екіге бөлініп жүргені белгілі. Сөздің морфологиялық құрамды бір бөлегі ретінде жеке сөздің мағыналы
дербес бөлшегі болып табылатын түбірден, бір жағынан, бөлек морфема, екінші жағынан, түбірмен бірлесіп барып сөз құрап, сөздермен қарым-қатынасқа түсіріп тұратын морфема ретінде,
немесе сөздердісинтетикалық жолмен жасалған формаларының түрлерін ретінде және «оларды (қосымшаларды) сөз
тудыратын формалар, сөз турлендіретін (форма тудыратын) формалар және сөз жалғастыратын формалар» деп үлкен үш салаға бөлу (ҚТГ-14) дәстүрі де бар. (Мәлімет С.Исаевтың «қазіргі қазақтілі» Өнер баспасы,2007 жылы жарық көрген кітабының 82 бетінен алынды)
С.Исаев өзінің бір мақаласында қосымшаларды сөз тудырушы,форма тудырушы деп екіге бөліп,форма тудырушы қосымшаларды жұрнақ,жалғау жеп атайды.

А.Ысқақов қосымша морфемалар өз ішінде жұрнақтар,жалғаулар және қосалқы сөздер деп үшке бөлінеді.Бұл қосымшалардың жұрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да,қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен құранды сөздерді жасау үшін қолданылады.Ал жалғаулар деп аталатын түрі жұрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалаң және күрделі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады. (Мәлімет А.Ысқақовтың «қазіргі қазақ тілі»,Алматы «Ана тілі»1991 кітабының 25інші бетінен алынды)

 
 
4-тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет