1. Сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі, грамматикалық ұғым.
2. Морфема іштей екіге бөлінеді: негізгі морфема және қосымша морфема.
3. Негізгі морфемаға, сөздерге ұйтқы болатын түбірлер (ақ, ек, ұқ, ас, ұр, үр, ер, т.б.) жатады. Қосымша морфемаға жеке лексикалық мағынасы болмайтын, тек грамматикалық мағынаға ие қосымшалар мен қосалқы морфемалар (-ның, -нің, -ға, -ге, -ын, -ін, -ар, -ер, т.б.) жатады.
1. Негізгі морфемалар — лексикалық мағыналы дербес қолданылатын түбір сөздер. Олар түпкі түбірлер (тір - тірі дегендегі), түбір негіздер (тірі), туынды негіздер (тірлік) болып үшке бөлінеді.
2. Қосымша морфемалар — дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар. Олар іштей қосымшалар мен қосалқылар болып екіге бөлінеді. Қосымшалар:сөзжасам, сөзтүрлем, сөзбайлам тұлғалар.
3. Түбір морфемаға бірнеше қосымша морфема жалғана алады:
-алдымен, сөз тудырушы морфема, сосын мағыналық, қызметтік, тұлғалық сипатына қарай өзге морфемалар жалғанады. Түбір морфеманың мағынасы нақты, дербес;
-қосымша морфеманың мағынасы жалпы, абстрактылы.