450
СҮЙЕКТІҢ ҚЫЗЫЛ КЕМІГІ МАЙЫ
Сүйектің қызыл кемігі майы жануарлар организміндегі қан жасау
мүшелерінің орталық мүшесі. Себебі, бунда барлык қан жасушаларының
ізашар бастама жасушалары (бласттар) түзіліп, олардың көбі (эритроциттер,
гранул оциттер, қан табақшалары, моноциттер) осы қызыл кемік майында
толық жетіліп, қанға шығарылады. Ал лимфоциттер бастама жасушалары —
бласттары қан арқылы тимусқа, көкбауырға, лимфа түйіндеріне, лимфо-
эпителиальды құрылымдарға қан арқылы барып қоныстанып, сол мүшелерде
антигенге байланысты маманданып көбейіп, əсерлі жасушаларға айналады.
Сүйектердің қызыл кемігі майы жануарлар ұрығы эмбриондық
дамуының алғашқы кезеңінде-ақ қалыптасады. Алдымен жалпақ сүйектерде:
жауырында, жамбас сүйекте, шүйде сүйекте, қабыргаларда, төс сүйекте, бас
сүйектің негіздік сүйектерінде, кейіннен жіліктер эпифиздері мен
омыртқалардың кемік затында мезенхимадан дамып жетіледі. Паренхиманың
миелоидты ұлпасы сарыуыз қапшығынан қоныс аударған діңгекті
жасушалардан дамиды.
Сүйектің қызыл кемігі майы барлық сүйектердің кемік затының
ұлшықтарында орналасады. Ол қызыл-күрең түсті қоймалжың келген зат,
жануарлар дене салмағының 4-5 % -ын құрайды. Сүйек ұлшықтарынан
шыныларға
жұқа
жағындылар
жасап,
арнайы
бояулармен
бояп,
микроскоппен зерттеуге болады.
Құрылысы жағынан сүйектің қызыл кемігі майы паренхималы мүшеге
жатады. Сүйек ұлшығы куысында ішкі сүйекқап эндоосттан торлана
тартылған дəнекер ұлпалық желілер аралығындағы куыстарды, қызыл кемік
майының негізін құрайтын ретикулалы (торлы) ұлпа толтырып тұрады. Ал
қантүзілу процесі жүретін мүше паренхимасы миелоидты ұлпадан құралған.
Торлы ұлпада микроайналым арна қан тамырлары (артериолалар,
капиллярлар, венулалар) жиі орналасады. Олардың аралықтарындағы
миелоидты ұлпа жасушаларының көп түрлілігімен ерекшеленеді. Діңгекті
жасушалар ішкі сүйекқап (эндоост) маңында көбірек орналасады. Торлы
ұлпадағы қойнауша (синусоидты) қан капиллярлары маңында əр түрлі қан
жасушаларының даму қатарлары топтасып жатады. Оларға эритроциттердің,
гранулоциттердің, мегакариоциттердің даму орталықтарын жатқызуға
болады.
Эритроциттердің даму орталықтары макрофагтарды қоршай орналасып,
пітттіні əр түрлі аралшықтар жасайды. Аралшықтар жасушаларының
құрамында эритробласттарды, базофилді, полихроматофилді, оксифилді
нормоциттерді ажыратуға болады. Аралшықтар орталығындағы макрофагтар
эритроциттердің түзілуіне керекті темірді тасымадап алып келумен қатар,
істен шығып ескірген эритроциттер мен жаңадан түзіліп жатқан нормоциттер
ядроларын қармап, оларды жояды.
Гранулоциттердің даму қатарлары да, қойнауша қан капиллярлары
маңында орналасып, аралшықтар жасайды. Жасушалар құрамы əр түрлі даму
451
сатысындағы
нейтрофилді,
эозинофилді,
базофилді
миелоциттерден,
промиелоциттерден жəне метамиелоциттерден құралған. Гранулоциттер
даму катарларының макрофагтармен байланысы болмайды. Олардың
əрқайсысының цитоплазмасында, өздеріне тəн түске боялған дəншелері
болады. Пісіп жетілген гранулоциттер қызыл кемік майында қорланады.
Қызыл кемік майындағы олардың жалпы саны жетілген эритроциттерге
қарағанда 3 есе, ал шетқі қандағы гранулоциттер санынан 20 есе көп болады.
Көпядролы көпбөлімді ірі мегакариобласттар мен мегакариоциттер
қойнауша қан капиллярлары қабырғаларымен жанасып жатады. Миелоидты
ұлпа аралшықтары аралықтарындағы микроайналым қан тамырлары
айналасында моноциттер мен аздаған лимфоциттердің бастама бласттары
топтаса орналасады. Қызыл кемік майында май жасушалары (адипоциттер)
көптеп кездеседі.
Пісіп жетілген эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары,
моноциттер жəне лимфоциттер бласттары қойнауша қан капиллярлары мен
посткапиллярлық
венулалар
қабырғаларындағы
эндотелиоциттер
аралықтарындағы саңылаулар аркылы қанға өтеді. Қалыпты жағдайда қанға
толық пісіп жетілген қан жасушалары өтеді. Жетілмеген жас қан
жасушаларының қанға өтуі, тек əр түрлі аурулар өрбіген кезде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: