Күйіс қайтаратын жануарларда бел цистернасы соңғы көкірек жəне
алғашқы бел омыртқалардың астында орналасады. Ішек бағанының диаметрі
7,5-10 мм -ге жетеді. Сиырда диаметрі 8-12 см бел лимфа бағаны қолқа мен
артқы куыс венаның астында жатады.
198 - сурет. Сиыр денесіндегі лимфа тамырлары мен түйіндері
1 - жақасты л.т. (лимфа түйіні), 2 — құлақтүбі (шықшыт) л.т., 3 — жұтқыншақарты
латеральды л.т., 4 — беткей мойын л.т., 5 — оң лимфа бағаны, 6 — дене қабырғасының
л.т.т., 7 — қолтық л.т., 8 — көкірек өзегі,
9 — бел цистернасы, 10 — ішкі мүшелер л.т.т., 11 — беткей шап л.т., 12 —
тобықүсті л.т., 13 — тобықасты л.т., 14 — желінүсті л.т., 15 — өкелгіш лимфа тамырлары,
16 — əкеткіш лимфа тамырлары.
Шошқада бел цистернасы 1-2 -інші бел омыртқалардың астында
орналасады. Кеңірдек өзектері лимфаны мойынның дорсальды жəне
жұтқыншақарты медиальды лимфа түйіндерінен қабылдайды.
Итте бел цистернасы 1-4 -інші бел омыртқалар мен қолқаның астында
орналасады. Оң лимфа бағаны лимфаны оң бұғанаасты венасына құяды.
Лимфа айналым жүйесі бойынша бақылау сұрақтары:
1. Лимфа айналым жүйесінің жануарлар организмдеріндегі атқаратын қызметтеріне
тоқталып, мүшелерінің құрылысын еске түсіріңіз.
2. Қандай лимфа тамырларын білесіз? Олардың құрылыс ерекшеліктеріне
тоқталыңыз.
3. Лимфа түйіндері, олардың жануарлар организмдеріндегі манызы, түрлері
жəне гистологиялық құрылысы.
4. Гемолимфа түйіндері жəне ас қорыту мүшелері қабырғаларындағы лимфо-
эпителиальды құрылымдар, олардын құрылысы.
5. Бастың лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап,
қайда өткізеді?
6. Мойынның лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап,
қайда өткізеді?
7. Алдыңғы аяқтың лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап,
қайда өткізеді?
448
8. Артқы аяқтың лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап,
қайда өткізеді?
9.Көкірек қабырғасы мен көкірек қуысы мүшелерінің лимфа түйіндері, олар
лимфаны қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?
10.Құрсақ жəне жамбас кабырғаларының лимфа түйіндері, олар лимфаны қандай
дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?
11 .Құрсақ жəне жамбас куыстары мүшелерінің лимфа түйіндері, олар лимфаны
қандай дене бөліктерінен жинап, қайда өткізеді?
12.Негізгі лимфа тамырлары, олар лимфаны кандай дене бөліктерінен жинап, қайда
өткізеді?
ІЗ.Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,
оларды жаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |