Оң жəне сол кеңірдек өзектері (правый и левый трахеальные
лимфатические протоки) — ductus trachealis dexter et sinister — лимфаны
жұтқыншақарты лимфа түйіндерінен жинайды.
Оң лимфа бағаны (правый лимфатический ствол) — truncus lym-
phaticus dexter — лимфаны мойынның оң жақ жартысында орналасқан лимфа
түйіндерінен жəне көкірекортасының краниальды лимфа түйіндерінен алып
шығады. Ол бірінші қабырға тұсында алдыңғы куыс венаға немесе
күретамыр венасына ашылады.
Ерекшеліктері. Жылкыда бел цистернасы 1-3 бел омыртқалардың
астында орналасады. Оның ұзыңдығы 11-18 см, диаметрі 1,5-2,5 см. Көкірек
өзегінде 10-15 жұп жəне тақ қақпақшалар болады. Кеңірдек өзектері мен оң
лимфа бағаны лимфаны мойынның терең краниальды лимфа түйіндерінен
жинайды. Олардың диаметрі 3-5 мм жəне 8-10 мм.
Достарыңызбен бөлісу: |