ақ зат (substantia alba) жəне ішкі сұр зат (substantia grisea) көрінеді.
Жұлынның ортасында жұлын сұйығы ағып жататын орталық жұлын өзегі
(canalis centralis) болады. Орталық өзекті қоршай пішіні "Н" əрпіне ұқсаған
сұр зат орналасады. Сұр затта сұр дəнекерлік (comissura grisea) арқылы өзара
жалғасқан оң жəне сол дорсальды, латеральды (жұлынның мойын
белімінде болмайды) жəне вентральды сұр заттық мүйіздерді (бағандарды)
— columna grisea dorsalis, lateralis et ventralis — ажыратады. Сұр затты
жұлынның орталықтарын түзетін нейроциттер жəне олардың миелинсіз
(үлпексіз) сұр жүйке талшықтары мен жүйкелік глия құрайды. Сұр затты
сыртынан жұлынның ақ заты қоршап жатады. Ақ затты жүйкелік
тітіркеністерді өткізу арқылы жұлын сегменттерін өзара немесе оларды ми
орталықтарымен жалғастыратын миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары мен
олардың аралықтарындағы жүйкелік глия құрайды. Орталық дорсальды сай
мен вентральды саңылау жəне сұр заттың дорсальды, вентральды мүйіздері
жүлынның
ақ
затын
Достарыңызбен бөлісу: |