Морфология


Мидын  гистологиялық  құрылысындағы  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1030/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1026   1027   1028   1029   1030   1031   1032   1033   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Мидын  гистологиялық  құрылысындағы  ерекшеліктері  —  оның  ақ 

заты мен сұр заты орналасуының күрделілігі: сұр заттаң көп бөлігі үлкен ми 

мен  мишықтың  сыртқы  бетінде  орналасып,  олардың  қырғысты  қабаттарын 

түзеді.  Ал  оның  аз  бөлігі  ми  діңгегі  бөлімдерінің  көптеген  сұр  заттық 

ядроларын  құрайды.  Сопақша  ми,  ми  көпірі,  ортаңғы  ми,  аралық  ми,  соңғы 

мидың  базальды  балігі  бірігіп,  жұлынның  алдыңғы  жағындағы  жалғасы  — 

ми діңгегін құрайды. 

Ми  діңгегінің  сұр  заттық  ядролары  қызметіне  қарай:  рецепторлы, 

ассоциативті  жəне  эффекторлы  болып  бөлінеді.  Рецепторлы  ядролар 

жұлынның  дорсальды  мүйізінің  нейроциттері  ядроларына  ұқсас,  яғни  бұл 

ядролардың  нейроциттерінде  жұлынның  ақ  затының  дорсальды  сезімтал 

арқаншаларының  құрамында  ми  діңгегіне  келген  жұлын  ганглийлері 

рецепторлы  нейроциттерінің  аксондары  жəне  бас  аумағындағы  ми 

жүйкелерінің  бойыңда  орналасқан  сезімтал  ганглийлердегі  (айшықты, 

тобықтық,  тастық)  рецепторлы  нейроциттердің  аксондары  синапс  арқылы 

аяқталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1026   1027   1028   1029   1030   1031   1032   1033   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет