ЖҰЛЫН
Жұлын (спинной мозг) — medulla spinalis — омыртқа бағаны өзегінде
орналасқан, пішіні цилиндр тəрізді, тірі организмдегі түрлі рефлекстердің іс
жүзіне асуын қамтамасыз ететін, құрылысы күрделі орталық жүйке жүйесінің
мүшесі. Жұлынды сыртынан үш қабық: сыртқы қатты қабық (dura mater
spinalis), ортаңғы өрмелі немесе торлы қабық (arachnoidea spinalis), ішкі
жұмсақ қабық (ріа mater spinalis) қаптап жатады. Олардың аралықтарында
қаттыүсті (омыртқа мен қатты қабық аралығында), қаттыасты (қатты жəне
өрмелі қабықтар аралығында) жəне өрмеліасты (өрмелі жəне жұмсақ
қабықтар
аралығында)
жұлын
кеңістіктері
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |