Эффекторлы
ядроларының
нейроциттері
жұлынның
вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттеріне ұқсас. Олардың
аксондары эффекторлы жүйке талшықтарын түзіп, қозғалтқыш жəне аралас
ми жүйкелерінің кұрамында кіреді. Рецепторлы жəне эффекторлы
нейроциттер аралығында нейроциттердің ассоциативті ядролары (көру
төмпегі, тісті ядро, олива т.б.) орналасады. Бұл байланыстырғыш ядролар
жұлыннан жəне ми діңгегінен келген жүйке толқындарын үлкен ми
қыртысына, ал ми қыртысынан кері төмен қайтқан орталықтан тепкіш жүйке
импульстерін, керісінше, ми діңгегіне, одан əрі жұлынға өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |