468
МИДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Ми (головной мозг) — encephalon — тірі жануарлар организмдері
мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлесімді реттеп, барлық жүйкелік
процестердің іс жүзіне асуын үздіксіз бақылып отыратын жүйке жүйесінің
орталық мүшесі. Ол бассүйектің ми сауыты бөлімінде орналасқан жұлынның
бас аумағындағы жалғасы. Ми көлденең саңылау арқылы үлкен ми
(cerebrum) жəне ромб тəрізді ми (rhombencephalon) болып екіге бөлінеді.
Үлкен ми өз кезегінде ортаңғы ми, аралық ми жəне соңғы ми, ал ромб тəрізді
ми сопақша жəне артқы ми болімдеріне белінеді. Артқы ми мишықтан жəне
ми көпірінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: