Тауық жұмыртқасының құрылысы. Тауық жұмыртқасы полилецитті
жəне телолецитті овоцитке жатады. Жұмыртқа жасушасы аналық жыныс безі
— жұмыртқалықга түзіледі. Жұмыртқалықта құс жұмырткасының тек
сарыуызы мен оның кабығы — плазмолемма пісіп жетіледі. Ал
жұмыртқаның калған бөліктері, оның үшіншілік қабықтарын құрайды.
Жумыртқа жасушасы сарыуыз қабығымен қапталған цитоплазма мен
ядродан құралған. Овоциттің ядросы жасуша органеллалары топтасқан
цитоплазманыц сарыуызы жоқ жуқа қабатымен қоршалып, цитоплазманың
жоғарғы анимальды полюсінде орналасады. Цитоплазманың қалған бөлігі
протеидті-липидті күрделі қосылыстардан түзілген сарыуыз дəншелерінен
(түйіршіктерінен) тұрады. Сарыуыз дəншелері көп мөлшерде жиналған,
жоғарғы анимальды полюске қарама-қарсы жатқан цитоплазманың төменгі
бөлігін вегетативті полюс — дейді. Сарыуызды кезегімен қабаттаса
орналасқан ақшыл сары жəне қоңыр сары екі тусті қабаттар құрайды.
Сарыуыздың ортасындағы пішіні колбаға ұқсаған ақшыл сары бөлігін
латебра — деп атайды. Жұмыртқа жасушасында ақшылсары сарыуыз түнгі
мезгілде, ал қоңыр сары сарыуыз күндіз түзіледі. Жаңа тузілген сарыуыз
дəншелері құрамында фосфолипидтер көп мөлшерде болады. Кейінірек
сарыуызда қаныққан май қышқылдары пайда болады да, оның үлесі көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |