Морфология



Pdf көрінісі
бет1047/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1043   1044   1045   1046   1047   1048   1049   1050   ...   1132
Құйрықты  ядро  (nucleus  caudatus)  екі  бөлімнен:  бас  жəне  құйрық 

(caput et  cauda) бөлімдерден  құралған. Құйрықты  ядроның  басы  бүйірлік  ми 

қарыншасының  түбін  құрауға  қатысады  жəне  ол  гиппо-камптың  алдында 

орналасады. 



Жасымықша  ядро  (nucleus  lentiformis)  кұйрықты  ядроның  басы  мен 

көру  төмпегінің  сыртқы  бүйірінде  орналасып,  олардан  ішкі  қабық  (capsula 

interna)  арқылы  бөлініп  тұрады.  Жасымықша  ядроның  сыртқы  латеральды 

бөлігі — қауыз (putamen), ал тарихи дамуы жағынан ең көне ішкі медиальды 

бөлігі  —  солғын  ядро  (pallidum)  —  деп  аталады.  Бұл  бөлік  көру  төпегінің 

сыртқы  бүйі-рінде,  латеральды  тобықгы  дененің  (ganglion  geniculatum 

laterale) алдыңғы жағында жатады жəне қызметі жағынан иіс миымен тығыз 

байланыста болады. 



Шарбақша ядро (claustrum)— жасымықша ядроның сыртқы латеральды 

жағында  орналасқан,  пішіні  ұзын  жəне  жіңішке  келген  сұрзаттык  құрылым. 

Шарбақша  ядроны  жасымықша  ядродан  сыртқы  қабық  (capsula  externa) 

бөліп тұрады. 



Бадамша  дене  (corpus  amygdaloideum)  көру  төмпегі  мен  аммон 

мүйізінің  жəне  қауыздың  аралықтарында  орналасып,  олардан  ақ-заттық 

аралықтар  арқылы  бөлініп  жатады.  Бадамша  дене  қызметі  жағынан  иіс 

миының құрамына кіреді. 

Жолақты  дене  өткізгіш  жолдар  арқылы  үлкен  ми  қыртысымен,  көру 

төмпегімен, гипоталамуспен, ортаңғы ми торлы құрылымының ядроларымен 

(қызыл ядро т.б.), ми көпірі ядросымен, сопақша ми ядроларымен (каудальды 

зəйтүн)  жəне  ми  жүйкелері  ядроларымен  қызметтік  байланыста  болады. 

Сүтқоректі  жануарларда  жолақты  дененің  сұрзаттық  ядролары  жоғары 

қыртысасты  қимыл  (өрмелеу,  жүзу.  секіру,  жүру,  жүгіру  т.б.)  жəне 

вегетативтік  реттеу  орталықтарының  қызметтерін  атқарады.  Жолақгы  дене 

ядроларында  көптеген  шартсыз  рефлекстер  тұйықталады.  Ал  рефлекс  үлкен 

ми  қыртысы  арқылы  тұйықталатын  болса,  онда  жолақты  дене  ядролары  ми 

қыртысының басқаруымен шартты рефлекстерді іс жүзіне асырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1043   1044   1045   1046   1047   1048   1049   1050   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет