Үлкен ми сыңары жабынының гистологиялық құрылысы. Ми жа-
быны сыртқы сұр заттан құралған үлкен ми сыңарының қыртысынан жəне
оның астындағы ми жабынының ақ затынан тұрады.
Үлкен ми сыңарының қыртысы пішіні мен мөлшері жəне қызметі əр
түрлі нейроциттер қабаттарынан құралған. Адам миының кыртысында орта
есеппен 10-14 млрд.-тай нейроциттер болады. Ми қыртысының ең жақсы
жетілген қимыл аймағында бір-бірінен айқын ажыратылатын (қыртыстың
сыртқы бетінен ішкі ақ затқа қарай) алты: молекулалы, сыртқы дəншелі,
пирамидалы, ішкі дəншелі, ганглионды жəне полиморфты нейтроцитер
қабаттары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |