478
205 - сурет. Үлкен ми сыңары жабынының цитоархитектоникасы (А) мен
миелоархитектоникасы (Б) I - молекулалы қабат, II - сыртқы дəншелі қабат, III -
пирамидалы қабат, IV — ішкі дəнешіл қабат, V - ганглионды қабат, VI —
полиморфты қабат
1 - пирамида тəрізді нейроцит,
2 - жұлдызша нейроциттер, 3 - полиморфты нейроциттер, 4 - тангенциальды бағытта
тұтаса орналаскан жуйке талшыктары 5 -афферентті бағытта өтетін жүйке талшықтар. 6 –
эфферентті бағыттағы жүйке талшықтар.
Ганглионды қабат өте ірі пирамида тəрізді нейроциттерден құралған.
Олардың биіктігі 120 мкм, табанының ені 80 мкм -ге жетеді. Бұлардың
нейроплазмасында базофилді зат көп болады, яғни бұл жасушадағы белок
синтезінің белсенді жүретіндігінің айғағы. Нейроциттердің аксондары
миелинді жүйке талшықтарға айналып, ми қыртысынан төмен кететін
жұлынның пирамидалы қозғалтқыш өткізгіш жолдарын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: