meros — бөлік) — деп атайды. Олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста
76
дене жасушаларындағы қатынасқа жеткенше жүреді де, сонан соң
бластомерлердің бөлінуі тоқтайды. Бөлшектену кезеңі нəтижесінде пайда
болған көп жасушалы ұрықты бластула (грек, blastos — ескін) — деп
атайды.
Зиготаның бөлшектенуі əр түрлі жануарларда түрліше жүреді.
Бөлшектенудің түрлері жұмыртқа жасушаларындағы сарыуыздың мөлшеріне
жəне сарыуыздың овоцит цитоплазмасындағы таралу сипатына байланысты.
Бөлшектену процесі ұрықтанған жұмыртқа жасушасы цитоплазмасының
сарыуызы аз бөлігінде жүреді. Ал жұмыртқаның сарыуызы көп мөлшерде
жинақталған
цитоплазма
бөлігі
бөлшектенуге
қатыспайды.
Осыған
байланысты
бөлшектенудің
екі
түрі
ажыратылады.
Олар:
толық
(голобластикалық)
бөлшектену
жəне
жартылай
(меробластикалық)
бөлшектену. Голобластикалық бөлшектенудің түрінде зигота толығымен
бөліну процесіне қатысады, ал меропластикалық бөлшектену зиготаның
тек сарыуызы аз жоғарғы анимальды полюсінде ғана жүреді. Ал сарыуызы
көп мөлшерде жиналған зиготаның теменгі вегетативті цитоплазма бөлігі
бөлшектену процесіне қатыспайды. Ұрыктанған жұмыртқа жасушасында
сарыуыз аз мөлшерде болып (олиголецитті овоцит) жəне ол цитоплазмада
біркелкі таралса (гомолецйтті овоцит), онда бөшектену толық жəне біркелкі
жүреді Ал жұмыртка жасушасында сарыуыз орташа мөлшерде (мезолецитті
овоцит) болатын жəне ол негізінен жұмыртканың төменгі вегетативті
полюсінде жиналатын (телолецитті овоцит) болса, онда бөлшектену толық
жəне əркелкі жүреді. Сондай-ак, жұмыртқада сарыуыз тым көп мөлшерде
(полилецитті овоцит) болса жəне ол цитоплазманың (телолецитті овоцит)
вегетативті полюсінде жиналса, онда бөлшектену жартылай жəне əркелкі
болып жүреді.
Ұрықтың бөлшектенуі белгілі тəртіппен жүреді. Бірінші жəне екінші
бөліну сайлары ұрықтың жоғарғы анимальды полюсінен төменгі вегетативті
полюсіне қарай өтіп, меридианды сайлар — деп аталады. Үшінші сай ендік
бағытта, одан соң меридианды, ендік жəне тангенциальды (ұрықтың сыртқы
беұлпае параллельді) бағыттардағы сайлар кезегімен əркелкі жəне əр
мезгілде жүріп, түзілген бластомерлердің орналасу төртіптері бұзылады.
Бластомерлердің қалыпты да дұрыс орналасу тəртібі толық жəне біркелкі
бөлшектенуде (қандауыршадағы целобластула) ұзағырақ сақталады, ал
жартылай бөлшектенуде — 2 жəне 3 бөлінуден кейін-ақ, бластомерлердің
қалыпты орналасу тəртібі бұзылып, олар əр мезгілде бөлініп, мөлшері əр
түрлі бластомерлер түзіле бастайды (құстардағы дискобластула). Бөлшектену
нəтижесінде түзілген бластомерлер бастапқы кезде бір-бірімен тығыз
байланысып, пішіні тұт ағашының жемісіне ұксас жасушалар жиынтығы
қалыптасады. Мұндай көпжасушалы ұрықты морула (лат. morum — тұт
ағашының жемісі) — деп атайды. Бөлшектенудің соңына қарай бластомерлер
аралықтарында қуыс пайда болып, əр түрлі жануарларда пішіні əр түрлі
қуысты ұрық — бластулаға айналады. Бластуланың бластомерлерден
құралған қабырғасын бластодерма (грек, бластос жəне derma — тері, қабық),
77
ішіндегі куысын біріншілік дене қуысы немесе бластоцель (грек, бластос
жəне koilos — куысты) — дейді. Ұрықтың анимальды полюсінде орналасқан
бластомерлер бластодерма төбесін, вегетативті полюсіндегі бластомерлер
Достарыңызбен бөлісу: