Морфология



Pdf көрінісі
бет148/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   1132
гистогенез  жоғарыда  айтылған  заңдылықтарға  тікелей  байланысты  жүреді. 

Алдыңғы  тарауда  баяндалғандай,  бастапқы  кезде  біртекті  бластомерлерден 

құрылысы  мен болашақ  қызметі  əр  түрлі  ұрық  жапырақшалары  мен біліктік 

мүшелері  түзіліп,  олардан  гистогенез  кезеңінде  жасушалары  көбейіп,  өсіп, 

белгілі бір қызмет атқаруға маманданған ұлпалар қалыптасады. Ұлпалардың 

түзілуі  мен  белгілі  қызмет  атқаруға  мамандана  қалыптасуы  бірнеше 

сатылардан  өтеді.  Алғашқы  кезде  біртекті  бластомерлерден  əр  түрлі 

жасушалар  топтары  (популяциялары)  дамып  жетіледі.  Олар  ұрық 

организміндегі орналасу орны мен болашақ атқаратын қызметіне сəйкес, тек 

өздеріне  тəн  құрылыс  айырмашылықтарымен  жəне  белоктар  түзілісінің 

өзгешеліктерімен  ерекшеленеді.  Демек,  жасушалар  топтарынан  туындайтын 

бейжасушалық  құрылымдар  мен  олардан  түзілетін  жасушааралық  заттар 




95 

 

құрылысында да, соларға тəн құрылымдық ерекшеліктердің пайда болатыны 



анык, Жасушалар популяциялары организмдегі белгілі бір ортаға бейімделуі 

(адаптация,  лат.  adaptatio  —  бейімделу)  нəтижесінде  жасушалар  ядролары 

геномындағы (хромосомалар ДНҚ-дағы) генетикалық ақпараттар жаңа сипат 

алып,  жасушалар  құрылыстарында  морфологиялық  айырмашылықтар 

(дифференция, лат. differentia — айырмашылык) пайда болады. 

Бейімделу 

арқылы 

құрылымдық 

айырмашылықтары 

туындап 


қалыптасқан  жасушалар  топтары  бір-бірімен  қайтадан  өзара  қызметтік 

байланыстар  түзіп,  тірі  организмнің  біртұтастығын  (интеграция,  лат. 

integratio  —  бүтін,  біртұтас,  бірігу)  қамтамасыз  етеді.  Міне,  осындай 

құрылымдық 

айырмашылықтар 

мен 


қызметтік 

өзгерістерден 

өткен 

жасушалар,  бейжасушалақ  құрылымдар  мен  жасушааралық  заттар  өзара 



байланысқа түсіп бірігіп, біртекті биологиялық кұрылымдық жүйелерді, яғни 

ұлпаларды қалыптастырады. 



Ұлпа  (ткань,  грек,  histos  —  ұлпа)  —  морфологиялық  белгілері  мен 

атқаратын қызметінің ұқсастығына байланысты біріккен бір-текті жасушалар 

мен  жасушааралық  заттардың  тарихи  (филогенездік  тұрғыдан)  қалыптасқан 

жүйесі.  Құрылысына,  организмдегі орналасу  орны  мен  атқаратын  қызметіне 

жəне шығу тегіне байланысты белгілерді топтастырып, жануарлар организмі 

ұлпаларын  төрт  түрге  бөледі.  Олар:  эпителий  (жабынды),  дəнекер  (тірек-

трофикалық немесе ішкі орта ұлпалары), ет жəне жүйке (нерв) ұлпалары. Бұл 

ұлпалар жануарлар организмінің мүшелерін (ағзаларын), мүшелер жүйелерін 

құрап, құрылысы мен қызметтерін анықтайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет