Морфология



Pdf көрінісі
бет151/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   1132
мезодермадан — ұрғашы жəне еркек жануарлар жыныс мүшелері мен несеп 

белу  мүшелерінің,  сірлі  қабықтардың  (мезотелий)  эпителий  қабаттары  мен 

қабырғалық бездері жатады. 

Организмдегі  орналасу  орны  мен  қызметтері  əр  түрлі  болғанымен, 

эпителий  ұлпаларының  жалпы  курылысы  бір-біріне  ұқсас.  Олардың 

барлығына тəн ортақ құрылымдық белгілер: 

1. Эпителий ұлпалары тек эпителий жасушалары — эпителиоциттерден 

ғана  тұрады.  Эпителий  ұлпаларында  жасушааралық  тірі  зат  болмайды. 

Эпителиоциттердің  аралығында  ені  10-50  нм  жарғақаралық  саңылаулар 

болады.  Эпителий  жасушалары  плазмолеммаларының  арасында  тек 

жарғақүсті  кешен  —  гликокаликс  ғана  қалады.  Жасушааралық  саңылаулар 

арқылы  эпителиоциттердегі  зат  алмасуды  қамтамасыз  ететін  ұлпа  сұйығы 

үздіксіз ағып жатады. 

2.Эпителий  ұлпаларын  құрайтын  эпителиоциттер  бір-бірімен  өте  тығыз 

жанаса  байланысып,  эпителий  жасушалары  қабаттарын  түзеді.  Эпителий 

ұлпасының  қызметіне  сəйкес,  эпителий  жасушалары  қабаттарындағы 

эпителиоциттер  бір-бірімен  əр  түрлі  плазмолеммааралық  байланыстар 

жасайды,  Оларға:  жасушалар  арасындағы  берік  байланысты  қамтамасыз 

ететін  тығыз  жанасу  түрі  десмосома  жəне  саусақша  жанасу  (құлып), 

жасушааралық зат алмасуды іс жүзіне асыратын саңылаулы жанасу (нексус), 

дененің ішкі ортасын сыртқы ортадан бөліп тұратын тығыз жанасу жатады. 

3.Эпителий  ұлпаларын,  олардың  астында  жатқан  борпылдақ  дəнекер 

ұлпасынан,  шекаралық  қызмет  атқаратын  негіздік  жарғақ  (базальды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет