Морфология



Pdf көрінісі
бет145/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   1132
1.  Ұрықтық  кезеңде  ұрық  денесінде  барлық  омыртқалы  жануарларға 

тəн белгілер дамиды. 

2. Іштөліалды кезеңде ұрықта туыстарға тəн дене белгілері жетіледі. 

3.  Іштөлі  кезеңінде  іштөлі  денесінде  жануарлардың  түріне,  тұқымына, 

жеке дараққа тəн белгілер дамып жетіледі. 

Мал 

түліктері 



эмбриондарын 

жете 


зерттеген 

ғалым-эмбриолог 

Г.А.Шмидттің  мəліметі  бойынша,  қой  эмбрионында:  ұрықтық  кезең  — 

бірінші  29  күн,  іштөліалды  кезең  —  29-45  күн,  іштөлі  кезеңі  —  46-150  күн; 



шошқа эмбрионында: ұрықтық кезең — бірінші 21 күн, іштөліалды кезең — 

21  -  60  күн,  іштөлі  кезеңі  —  60  -  114  күн;  сиыр  эмбрионында:  ұрықтық 

кезең — бірінші 34 күн, іштөліалды кезең — 35-60 күн, іштөлі кезеңі — 60-

270 күн. 

 

Сиыр ұрығы эмбриогенезінің даму сатылары 

 

І.Ұрықтанғаннан  кейінгі  бірінші  аптада  ұрықта  бөлшектену  процесі 

жүріп,  трофобласт  түзіледі.  Ұрық  жұмыртқа  жасушасындағы  оттегісіз 

ыдырайтын дайын сарыуызбен қоректенеді. 

2.8  -  20  -  күндері  ұрықта  гаструляция  процесі  жүріп,  ұрық 

жапырақшалары, қағанақ жетіле бастайды, сарыуыз қапшығы түзіледі. Ұрық 

трофобласт  арқылы  жатыр  бездерінің  сөлі  құрамындағы  қоректік  заттармен 

қоректенеді жəне тыныс алады. 

3.20  -  23  -  күндері  тұлғалық  қатпар  ұрықты  ұрықтантыс  мүшелерден 

толық  бөледі,  ұрық  организмінде  гистогенез  жəне  органогенез  жүреді.  Ол 

дамыған қан тамырларының көмегімен қоректеніп, тыныс ала бастайды. Ішек 

түтігі жəне несепқабық қалыптасады. 

4.24  -  34  -  күндері  ұрықтантыс  мүшелер  толық  қалыптасып,  ұрықтың 

қоректенуі мен тыныс алуы ұрықжолдас арқылы жүреді. Ұрық организмінде 

системогенез процесі жүріп, негізгі мүшелер жүйелері жетіле бастайды. 

5.35  -  50  -  күндері  эмбрионда  шеміршекті  қаңқа,  сүт  безі  қалыптасып 

жетіле бастайды. 

6.50  -  60  -  күндері  шеміршекті  қаңқа  сүйек  қаңқаға  алмасады,  малдың 

жыныс белгілері дамиды. 

7.61 - 120 - күндері іштөлінде малдың тұқымына тəн белгілер дамиды. 

8.121  -  270  -  күндері  іштөлі  организмі  толыққалыптасып,  жеке  дараққа 

тəн белгілер толығымен жетіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет