Морфология


Жабынды эпителий ұлпасының жіктелуі



Pdf көрінісі
бет153/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   1132
Жабынды эпителий ұлпасының жіктелуі 

 

Эпителий ұлпаларының бірнеше жіктелу түрлері бар. Солардың ішіндегі 

қазіргі  кезде  қолданылып  жүрген  морфологиялық  жіктелу  –  ұлпа 

эпителиоциттерінің пішіні мен жасушалар қабаттарының санына негізделген. 

Эпителиоциттер  қабаттарының  санына  байланысты  жабынды  эпителий 

ұлпасы:  бірқабатты  жəне  көпқабатты  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Бірқабатты 

эпителий ұлпасы негіздік жарғақта орналасқан бір қабат эпителиоциттерден, 

ал  көпқабатты  эпителий  көпқабаты  эпителий  жасушалары  қабаттарынан 

құралған.  Бірқабатты  эпителий  ұлпасы  өз  кезегінде  біркатарлы  эпителий 

жəне  көп  қатарлы  эпителий  ұлпалары  болып  екіге  бөлінеді.  Бірқабатты  бір 

қатарлы эпителий ұлпасының эпителиоциттері мөлшері (жасушаның биіктігі, 

ені,  қалындығы)  жағынан  біркелкі  болып  келеді  жəне  эпителиоциттер 

ядроларының мөлшері де бірдей болып, бір қатарда орналасады. Бірқабатты 

бірқатарлы  эпителий  –  эпителиоциттерінің  пішіні  мен  көлеміне  байланысты 

өз  кезегінде:  бірқабатты  жалпақ  эпителий,  бір  қабатты  тешке  (куб)  тəрізді 

эпителий  жəне  бірқабатты  призма  (цилиндр)  тəрізді  эпителий  болып 




98 

 

бөлінеді.  Ал,  бірқабатты  көпқатарлы  эпителий  ұлпасы  эпителиоциттерінің 



барлығы толығымен негіздік жарғақта  орналасады. Бірақ, эпителий ұлпасын 

мөлшері  мен  қызметі  түрліше  əр  түрлі  эпителиоциттер  құрайды.  Эпителий 

жасушаларының биіктігі мен көлеміне қарай, олардың ядроларының мөлшері 

мен  орналасу  деңгейлері  де,  əр  түрлі  болады:  призма  тəрізді  биік 

эпителиоциттердің  ядролары  эпителий  ұлпасының  орта  деңгейінде,  биіктігі 

орташа  жасушалар  ядролары  эпителий  ұлпасының  орта  деңгейінен  сəл 

төменірек,  негіздік  жарғаққа  жақындау,  ал  аласа  эпителиоциттердің  ядро-

лары  одан  да  төмен,  негіздік  жарғақпен  жанаса  орналасады.  Ұлпаны 

құрайтын  эпителиоциттердің  барлығы  негіздік  жарғақпен  жанасып,  бір 

қабатта  орналасқандықтан,  бірқабатты  эпителий  ұлпасы  —  деп  аталады. 

Жоғарыда  айтылғандай,  биіктігі  мен  мөлшері  əр  түрлі  эпителиоциттердің 

ядролары да, əр түрлі деңгейде орналасқандықтан, эпителий көп қатарлы — 

деп  аталады.  Эпителийдің  бұл  тобына  бірқабатты  көп  қатарлы  кірпікшелі 

эпителий жатады. 

Көпқабатты  эпителий  ұлпасы  көп  қабатта  жатқан  эпителиоциттер 

қабаттарынан құралған. Негіздік жарғақпен эпителий ұлпасының тек төменгі 

бір  қабат  эпителиоциттері  (базальды  қабат)  ғана  жанасады.  Жоғаргы 

қабаттарындағы  эпителиоциттерінің  пішініне  байланысты,  көпқабатты 

эпителий  ұлпасы:  көпқабатты  жалпақ  эпителий  жəне  көпқабатты  ауыспалы 

эпителий болып екі топқа бөлінеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет