Морфология



Pdf көрінісі
бет152/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   1132
мембрана)  бөліп  тұрады.  Орташа  қалындығы  100  нм  -  1  мкм, 

гликолипопротеидті  жіпшелер  мен  пішінсіз  (аморфты)  заттан  құралған 

негіздік жарғақты түзуге жоғарыда аталған шекаралас екі ұлпа да (эпителий 

жəне  борпылдақ  дəнекер  ұлпасы)  қатысады.  Эпителиоциттер  негіздік 

жарғақпен  жартылай  десмосома  арқылы  байланысады.  Бірқабатты  эпителий 

ұлпаларының  барлық  эпителиоциттері  негіздік  жарғақпен  жанасады.  Ал 

көпқабатты  эпителий  ұлпаларында  негіздік  жарғақпен  олардың  тек  төменгі 

базальды  қабатының  жасушалары  ғана  жанасады.  Эпителий  ұлпасында  қан 

тамырлары  болмайды.  Ол  борпылдақ  дəнекер  ұлпасынан,  негіздік  жарғақ 

арқылы  келетін  ұлпа  сүйығынан  диффузды  жолмен  (сіңіру  арқылы) 

қоректенеді. Эпителий ұлпасы сезімтал жүйке ұштарына өте бай. 

4.Эпителий  ұлпаларының  жануарлар  организмінде  шекаралық  орын 

алуына  байланысты,  олардың  эпителиоциттерінде  полярлық  айырмашылық 

байқалады.  Бірқабатты  эпителий  ұлпасы  эпителиоциттерінің  негіздік 

жарғақпен  жанасатын  төменгі  полюсін  олардың  негіздік  (базальды)  полюсі, 



97 

 

ал  эпителиоциттердің  негіздік  полюстерге  қарама-қарсы  жатқан  екінші  бос 



ұшын  төбелік  немесе  апикальды  (лат.  apex  —  төбе)  полюсі  —  деп  атайды. 

Эпителиоциттердің  апикальды  полюсі,  əдетте,  жануарлар  денелерінің  сірлі 

куыстарына немесе түтікше мүшелердің қуысына қарай бағытталып жатады. 

Сондықтан,  эпителий  жасушалары  апикальды  полюстерінін  аталған 

құыстардың  қабырғасың  ішкі  жағынан  шектеп  жатқандықтан,  оларды 

эпителиоциттердің  бос  немесе  төбелік  ұштары  —  деп  те  атайды. 

Эпителиоциттердің  базальды  жəне  апикальды  полюстерінің  (ұштарының) 

құрылыстарында  көптеген  айырмашылықтар  болады.  Жасуша  ядросы, 

əдетте,  эпителиоциттің  базальды  ұшына  жақын  жатады.  Жасушаның 

эндоплазмалық торы негіздік жарғаққа жақын, ядроның төменгі жағында, ал 

Гольдж кешені ядроның жоғарғы жағында орналасады. Бірқабатты эпителий 

ұлпаларының 

көптеген 

түрлі 


жасушаларының 

апикальды 

ұшында 

микробүрлер  мен  кірпікшелер,  ал  базальды  полюсінде  плазмолемма 

қатпарлары 

болады. 


Эпителиоциттердің 

апикальды 

жəне 

базальды 



бөліктерінің 

қызметтерінде 

де 

айырмашылықтар 



бар. 

Эпителий 

жасушасының 

апикальды 

полюсінде 

секрет 


пен 

экскретті 

бөлу, 

микробүрлердің көмегімен сіңіру, сору, кірпікшелердің қозғылу прцестері, ал 



заттарды  синтездеу  процесі  оның  базальды  полюсінде  жүреді.  Көпқабатты 

эпителий 

ұлпаларының 

негіздік 

жарғақпен 

жанасатын 

төменгі 

қабаттарындағы  эпителиоциттер  құрылысы  мен  қызметі  жағынан,  олардың 

жоғарғы  қабаттарындағы  эпителий  жасушаларынан  көп  айырмашылықтары 

болады.  

5.Эпителий ұлпасының қайтадан қалпына келу қабілеті (регенерациясы) 

жақсы 


жетілген. 

Олардың 


құрамында 

эпителиоциттердің 

көбеюін 

қамтамасыз ететін діңгекті (қамбиальды) жасушалар болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет