Морфология


Бездердің  жіктелуі.  Бездер



Pdf көрінісі
бет172/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   1132
Бездердің  жіктелуі.  Бездер  —  өзінен  арнайы  бөлінді  бөлуге 

маманданған  жеке  жасушалар  немесе  жасушалар  топтары,  болмаса  жеке 

мүшелер. Құрылысына байланысты бездер біржасушалы жəне көпжасушалы 

болып  үлкен  екі  топқа  бөлінеді.  Бөліндіні  шығару  ортасына  қарай  бездер: 

сыртқы  секреция  немесе  экзокринді  бездер  жəне  ішкі  секреция  немесе 

эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. 



Ішкі секреция бездері немесе эндокринді (грек, endon - ішке; krino — 

бөлу) бездер бөліндісі - инкрет (ішке бөлу) немесе гормон (қоздырушы зат 

—  грек,  hormao  —  қоздырамын)  —  деп  аталады.  Эндокринді  бездер 

гормондарын  организмнің  ішкі  сұйық  ортасына  (қанға,  лимфаға,  ұлпа 

сұйығына)  шығарады.  Сондықтан,  эндокринді  бездер  тек  бөлінді  бөлетін 

безді бөлімнен түрады. Олардың сыртқа шығару өзектері болмайды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет