Морфология



Pdf көрінісі
бет173/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   1132
Сыртқы секреция бездері немесе экзокринді (грек, ехо - сыртқа; krino 

-  бөлу)  бездер  бөліндісі  секрет  —  деп  аталады.  Олар  секреттерін  сыртқы 

ортаға,  мысалы,  терінің  сыртқы  бетіне  немесе  куысы  сыртқы  ортамен 

қатысатын  мүшелер  куыстарына  (түтікше  ішкі  мүшелер)  шығарады. 

Сондықтан,  экзокринді  бездер  екі  бөлімнен:  секрет  бөлетін  бездің  соңғы 

бөлімдерінен жəне шығару өзектерінен тұрады. 

 

49 – сурет. экзокринді кұрылысының нобайы (А. В. Немилов бойынша) 

1 - шығару езектері, 2 - бездің сыртқы дəнекер ұлпалық өзіндік  қабығы, 3 - жүйке 

талшықтары, 4 - безді жасушалар (гландулоциттер), 5 - бөлінген бөлінді, 6 — бездің 

бөлінді бөлетін сонғы бөлімі, 7, 8 - қан тамырлары, 9 - жүйке талшықтары, 10 - сыртқа 

бөлінетін секрет 

 

Экзокринді  бездер  құрылысына,  бөліндіні  (секретті)  бөлу  түріне, 



секретінің  құрамына  байланысты  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Шығару 

өзектерінің тарамдалу сипатына қарай, сыртқы секреция бездері: қарапайым 

жəне  күрделі  экзокринді  бездер  болып  бөлінеді.  Қарапайым  экзокринді 

бездердің  бір  ғана  шығару  өзектері,  ал  күрделі  экзокринді  бездердің 

шығару  өзектері  бірнеше  тарамға  таралады.  Қарапайым  экзокринді  бездер 

соңғы  бөлімдерінің  тарамдалу  сипатына  қарай:  тарамдалмаған  жəне 

тарамдалған  болып  ажыратылады.  Бөлінді  бөлетін  соңғы  безді  бөлімінің 

пішіні мен құрылысына байланысты экзокринді бездер: түтікше, көпіршікше 

(альвеола  тəрізді)  жəне  түтікше-көпіршікше  (аралас)  бездерге  бөлінеді. 

Сонымен,  жануарлар  организмдерінде  экзокринді  бездердің  төмендегідей 

түрлерін  кездестіруге  болады.  Олар:  1.  қарапайым  тарамдалмаған  түтікше 

бездер,  2.  қарапайым  тарамдалған  түтікше  бездер,  3.  қарапайым 



107 

 

тарамдалмаған  көпіршікше  бездер,  4.  қарапайым  тарамдалған  көпіршікше 



бездер,  5.  күрделі  тарамдалған  түтікше  бездер,  б.күрделі  тарамдалған 

көпіршікше бездер, 7.күрделі тарамдалған түтікше-көпіршікше бездер. 

 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет