Морфология



Pdf көрінісі
бет179/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   1132
52 — сурет. Қан жасушалары 

1 — эритроциттер, 2 — нейтрофилдер, 3 — эозинофил, I - базофил, 5 — кіші 

лимфоцит, 6 - орта лимфоцит, 7 — моноцит. 



 

Қан  жасушаларына  эритроциттер  (қызыл  қан  жасушалары), 

лейкоциттер (ақ қан жасушалары) жəне қан табақшалары (құстар мен төменгі 

сатыдағы  омыртқалы  жануарларда  ядролы  жасушалар  —  тромбоциттер) 

жатады. 



110 

 

Эритроциттер  (грек,  erythos  -  қызыл;  kytos  -  жасуша)  —  оттегі  мен 

көмірқышқыл  газын  тасымалдап,  организмдегі  газ  алмасу  процесін  атқаруға 

маманданып толық жетілген, сондықтан бөлініп көбеюге бейім емес қанның 

қызыл  жасушалары.  Сұтқоректі  жануарлардың  эритроциттері  мөлшері 

жағынан  майда  болып  келеді.  Оларда  ядролар  болмайды.  Ал  қалған 

омыртқалы  жануарлар  эритроциттерінде  ядро  болады.  Түйе  мен  ламада 

эритроциттердің  пішіні  сопақ,  ал  қалған  сүтқоректі  жануарларда  олар 

дөңгелек  болып  келеді.  Сүтқоректілер  эритроциттерінің  екі  бүйірінің  орта 

түсы қысыңқы, ал шеткі жағы қалындау болып келеді. Сыртқы бүйір бетінің 

бұлай болуы эритроциттің сыртқы бетінің жанасу ауданын 1,64 есе ұлғайтып, 

оттегінің  жасушаға  жылдам  өтуіне  ықпалын  тигізеді.  Эритроциттердің  саны 

əр  түрлі  жануарларда  түрліше  болады.  Імкл  (Імм

3

)  қанда  қалыпты  жағдайда 



эритроциттердің саны орта есеппен жылқыда — 6-9 млн., сиырда - 5-7 млн., 

қойда — 7-12 млн., ешкіде — 12-17 млн., бұғыда — 7-8 млн., шошқада — 6-7 

млн., итте — 5-8 млн., мысықта — 7-9 млн., қоянда - 5-7 млн., тауықта — 3-4 

млн.,  үйректе  —  3-4,5  млн.,  қазда  -2,9-3  млн.,  түйетауықта  2,5-3,5  млн. 

Эритроциттердің  орташа  диаметрі  3-8  мкм,  орта  тұсының  қалыңдығы  0,8 

мкм, шеткі жағынікі 3,5 мкм. Олардың қандағы 80% -ының мөлшері біркелкі 

болып келеді. Оларды нормоциттер деп атайды. Ал калған эритроциттердің 

мөлшері  не  үлкен  (макроциттер),  не  кіші  (микроциттер)  болып  келеді. 

Эритроцит  плазмолеммасының  орташа  қалыңдығы  6  нм.  Плазмолемма 

кұрамының 44% -ы липидтер, 47% -ы белоктар, 7%-ы көмірсулар. Ол газдар 

мен  түрлі  аниондардың  жылдам  өтуіне  бейімделген.  Плазмолемма  арқылы 

натрий  иондары,  амин  қышқылдары,  түрлі  ферменттер  жəне  глюкоза 

тасымалданады. Эритроциттің ішкі қоймалжың затының 34% -ы гемоглобин

Ол — қызыл түсті күрделі белок хромопротеид. Гемоглобинді глобин белогі 

мен  құрамында  екі  валентті  темір  бар  гем  құрайды.  Гемоглобин  өкпеде 

оттегімен  қосылып  оксигемоглобинге  айналып,  қан  арқылы  оттегіні 

ұлпаларга  тасиды  да,  олардағы  зат  алмасу  нəтижесінде  түзілген 

көмірқышқыл  газымен  қосылып  карбокси-гемоглобинге  айналып,  оны, 

керісінше,  өкпеге  тасымалдайды.  Сөйтіп,  газ  алмасу  процесін  іс  жүзіне 

асырады.  Жануарлар  организміндегі  эритроциттер  орта  есеппен  100-130 

(сиырда — 120-140, қойда — 127, шошқада — 72) күндей қызмет атқарады. 

Қызметін  тоқтатып  ескірген  эритроциттер  бауыр,  көкбауыр  жəне  сұйектің 

қызыл 

кемігі 


майы 

макрофагтардың 

көмегімен 

жойылып, 

гемнің 

құрамындағы  темір  макрофагтардың  қатысуымен  сүйектің  қызыл  кемігі 

майына  жеткізіледі.  Ол  жаңа  эритроциттер  гемоглобинінің  түзілуіне 

пайдаланылады.  Гемнің  қалған  қалдығынан  өт,  зəр  жəне  нəжіс  бояғыш 

заттары  (пигменттері)  түзіледі.  Эритроцит  құрамында  0,9%  тұз  болады. 

Концентрациясы  дəл  осындай  ас  тұзының  ерітіндісін  физиологиялық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет