Морфология


Нейтрофилді  гранулоциттер



Pdf көрінісі
бет182/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Нейтрофилді  гранулоциттер  —  хемотаксис  (химиялык  факторларға 

жауап  беру)  қасиеті  жақсы  жетілген  қозғалмалы  жасушалар.  Жануарлар 

организміндегі  фагоцитоз  процесіне  белсеңді  қатысуына  байланысты 

нейтрофилді  гранулоциттерді  И.  И.  Мечников  микрофагтар  (ұсақ  обыр 

жасушалар)  —  деп  атаған.  Олар  қан  айналымында  бірнеше  сағат  қана 

болады.  Одан  соң,  олар  организмге  сыртқы  ортадан  енетін  экзогенді 

(бактериялар  мен  вирустар  бөлетін  заттар)  жəне  организмнің  өзінің  ішінде 

пайда  болатын  эндогенді  (өлген  лейкоциттер  мен  ұлпалардың  ыдырау 

өнімдері)  факторлардың  əсеріне  байланысты  же  дел  қан  капиллярларынан 

қоршаған  дəнекер ұлпасына  өтеді  де,  жалған  аяқтарының  көмегімен  қозғала 

отырып,  əсер  етуші  факторлар  немесе  қабыну  аймағына  барып,  фагоцитоз 

(бөгде  заттарды  қармап,  цитоплазмасындагы  ферменттердің  кемегімен 

оларды  қорытып  жояды)  процесіне  қатысады.  Фагоцитоз  кезінде  өлген 

нейтрофилдер  мен  қабыну  аймағындағы  ұлпалардың  ыдырау  енімдерінен 



ірің  түзіледі.  Нейтрофилді  лейкоциттер:  сегментті  ядролы,  таяқша  ядролы 

жəне  балғын  нейтрофилдер  болып  үшке  бөлінеді.  Нейтрофилдер  орта 

есеппен  лейкоциттердің  жалпы  санының  65-70%  -ын  құрайды.  Олардың  60-

65% 


-ы 

сегментті 

ядролы 

нейтрофилдердің 

үлесіне 

тиеді. 


Қан 

жағындысындағы  нейтрофилдердің  орташа  диаметрі  9-12  мкм.  Олардың 

ядролары  бір-бірімен  жіңішке  мойыншықтар  арқылы  жалғасқан  2-5 

бөліктерден  (сегменттерден)  тұрады.  Нейтрофил  цитоплазмасында  табиғаты 

екі түрлі: ірі азурсүйгіш (20%) жəне майда арнайы (80%) гранулалар болады. 

Азурсүйгіш  фанулалар  —  лизосомалар.  Қармалған  фагосомаларға  (бөгде 

заттар, бактериялар т.б.) алдымен арнайы гранулалар ферменттері — сілтілі 

фосфатаза  əсер  етеді.  Одан  соң  азурсүйгіш  гранулалардың  гидролаза 

(еріткіш)  ферменттері  оларды  толығымен  қорытады.  Таяқша  ядролы 

нейтрофилдердің  үлесіне  3-5%  тиеді.  Олардың  ядроларының  пішіні  имек 

таяқ  тəрізді  болып  келеді.  Ал  балғын  нейтрофилдер  қалыпты  жағдайда  тым 

сирек  кездеседі  (0,5%),  ядроларының  пішіні  лобия  тəрізді.  Қандағы  таяқша 

ядролы  жəне  жас  (балғын)  нейтрофилдер  санының  көбеюі  —  организмдегі 

қабыну процестерінің күшейіп, малдың ауруға шалдыққанының белгісі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет