Базофидці гранулоциттер — жануарлар қаны лейкоциттерінің жалпы
санының 0,5-2% құрайды. Ал бұл көрсеткіш құста — 3-4%-га,
қосмекенділерде - 20% -га тең. Базофилдердің қан жағындысындағы диаметрі
10—12 мкм, олардың ядроларында да аздаған сегменттер болады, пішіні
көбіне иілген таяқ тəрізді болып келеді. Базофилдердің сыртқы бетінде Е
иммундыглобулиндерімен байланысатын арнайы рецепторлар бар. Антиген
мен
антиденелердің
əрекеттесуінен
түзілген
кешендер,
базофилдер
дəншелерінің бұзылып, одан гистамин мен гепариннің бөлінуіне əсерін
тигізеді. Базофилдер иммунологиялық реакцияларға қатысып, жануарлар
организмінде аллергиялық реакциялардың өрбуіне əсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |