Морфология



Pdf көрінісі
бет185/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Моноциттер  қан  жағындысындағы  диаметрі  жағынан  ең  ірі 

лейкоциттерге  жатады.  Олардың  орташа  диаметрі  18-20  мкм,  цитоплазмасы 

көгілдір  сұр  түске  боялған,  ядросының  пішіні  көбіне  лобия  тəрізді  болып 

келеді.  Ядроның  шеткі  жағында  хроматиндер  жиынтығы  мен  бір  немесе 

бірнеше ұсақ  ядрошықтар орналасады.  Моноциттер  қандағы  лейкоциттердің 

жалпы  санының  1-8%  -ын  құрайды.  Цитоплазмасында  лизосомалар, 

пиноцитоз  көпіршіктері,  Гольдж  кешені,  майда  митохондриялар  мен 

азурсүйгіш  гранулалар  жақсы  жетілген.  Моноциттер  қызметі  жағынан 

нейтрофилдерге  ұқсас,  ягни  олар  фагоцитоз  процесіне  белсене  қатысады. 

Қандағы  моноциттер  —  ұлпалар  мен  мүшелердегі  макрофагтардың  (ірі 

обыр  жасушалар)  бастамасы.  Олар  жануарлар  организмдерінің  қан 

айналымында  12-36  сағат  болганнан  кейін,  қан  капиллярларынан  қоршаган 

ұлпаларга  өтіп,  қозғалмалы  немесе  тұрақты  макрофаг  тарга  айналады. 

Макрофагтардың  цитоплазмасында  лизосомалар  мен  фагосомалар  дамып 

жетіледі.  Организмдегі  иммундық  қабыну  реакциясы  кезінде  моноциттер 

қаннан ұлпаларға көптеп өтеді. Əсіресе, бұлар созылмалы қабыну ошағында 

организм үшін көптеген пайдалы қызметтер атқарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет