Морфология



Pdf көрінісі
бет202/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Миофибробласттар  құрылысы  мен  сыртқы  пішіні  жəне  қызметі 

бірыңғай  салалы  ет  ұлпасының  миоциттеріне  ұқсас.  Бұл  жасушалардың 

миоциттерден  айырмашылығы  цитоплазмасында  эндоплазмалық  тор  жақсы 

жетілген.  Миофибробласттар  жарқаттанғаннан  кейінгі  жазылу  өңіндегі 

ұлпаның қалпына келу (регенерация) процесіне жəне буаздық кезінде жатыр 

қабырғасындағы  етті  қабық  миометриумның  гипертрофиялық  қалыңдауына 

белсенді қатысады. 

Фиброкласттар  фагоцитоздық  жəне  гидролиттік  белсенділігімен 

ерекшеленеді.  Бұлардың  цитоплазмасында  лизосомалардың  саны  өте  көп. 

Фиброкласттар  мүшелердің  көлемі  кішіреюі  кезінде,  сол  мүшелердің 

борпылдақ  дəнекер  ұлпалық  қабықтары  мен  қабаттарында  көптеп  кездеседі. 

Мысалы,  буаздықтан  кейінгі  жатыр  көлемінің  кішірейіп,  бастапқы  қалпына 

келу  кезеңінде,  тым  күшті  жетілген  борпылдақ  дəнекер  ұлпасының 

жасушааралық 

затын 


лизосомаларындағы 

ферменттерінің 

көмегімен 

ыдырату процесіне белсенді қатысады. 



Перициттер  ұзынша  келген  сопақ  ядролы  өсінділі  жасушалар.  Олар 

капиллярлар  эндотелиоциттерінің  сыртқы  жағына  жанаса  орналасып, 

капиллярлар  арнасы  диаметрінің  өзгеріп  отыруына  ықпалын  тигізеді. 

Перицит  бөлініп  көбею  арқылы,  басқа  дəнекер  ұлпалары  жасушаларына 

немесе  бірыңғай  салалы  ет  миоциттеріне  айналып,  камбиальды  қызметтерді 

атқаруы да мүмкін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет