Морфология



Pdf көрінісі
бет199/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   1132
Борпылдақ дəнекер ұлпасы 

 

Борпылдақ  дəнекер  ұлпасы  жануарлар  организмінде  барлық 

мүшелердің құрамында кездеседі. Себебі, аталмыш ұлпа мүшелердегі барлық 

қан  жəне  лимфа  тамырлары  мен  жүйкелердің  сыртқы  қабықтарын,  түтікше 

жəне  қабатты  мүшелердің  дəнекер  ұлпалық  қабаттары  мен  қомақты 

мүшелердің  стромасын  құрайды.  Əр  түрлі  дене  мүшелерінің  құрылыс 

өзгешеліктеріне  қарамастан,  олардың  құрамындағы  борпылдақ  дəнекер 

ұлпалары құрылысы  жағынан бір-біріне  тым ұқсас болып  келеді.  Басқа  ішкі 

орта  ұлпалары  секілді  борпылдақ  дəнекер  ұлпасы  да,  жасушалардан  жəне 

жасушааралық 

заттардан 

тұрады. 

Борпылдақ 

дəнекер 

ұлпасының 

жасушалары  шығу  тегі  бойынша  əр  текті  (гетерогенді)  болып  келеді.  Олар 

отырықты  жəне  қозмалғалы  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Отырықты 

жасушаларға  фибробласттар,  липоциттер  (адипоциттер),  адвентициялық 

жасушалар,  тамырлар  перициттері,  пигментоциттер,  ал  қозғалмалы 

жасушаларға  гистиоциттер  (макрофагтар),  ұлпа  базофилдері  (лаброциттер, 

шырлы жасушалар), лимфоциттер, плазмоциттер жатады. 



Фибробласттар  (лат.  fibra  —  талшық;  грек,  blastos  —  өскін)  — 

борпылдақ  дəнекер  ұлпасы  жасушааралық  затының  негізін  құрайтын 

коллаген жəне эластин талшықтарының жіпше белоктарын, аморфты заттың 

гликозамингликандарын (сульфаттанған жəне сульфаттанбаған), жарақаттың 

жазылып  қалпына  келуі  кезіндегі  жараның  өңіндегі  ұлпасын,  денеге  түскен 

бөгде  заттардың  сыртқы  оқшаулау  қапшықтарын  түзуге  қатысатын 

жасушалар. Эмбрионды кезеңде олар мезенхимадан, ал туғаннан соң діңгекті 

жасушалардан  дамиды.  Бүлардан  дамыған  жартылай  діңгекті  бастама 

(ізашар) жасушалардан фибробласт жасушалары қатарының бірнеше түрлері 

дамып  жетіледі.  Оларға:  шалафибробласттар,  фибробласттар,  фиброциттер, 

миофибробласттар жəне фиброкласттар жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет