Эластинді шеміршек — құлаққалқаны мен көмекей бөбешігінің
(тілшік) негізін құрайтын серпімді шеміршек ұлпасы. Эластинді шеміршектің
жалпы құрылысы гиалинді шеміршекке ұксас, Айырмашылығы, оның
жасушааралық затының құрамында қосымша эластин талшықтары болады.
Талшықты шеміршек — омыртқалар денелерінің аралығындағы
шеміршек дискілерді, жамбас сүйектері арасындағы жікті (симфизді) жəне
сіңірлердің сүйектерге бекитін жерлеріндегі шеміршек ұлпасын құрайды.
Талшықты шеміршек ұлпасының хондроциттері, осы ұлпаның жасушааралық
затыңдағы коллаген талшықтарының ірі шоғырлары аралықтарында қалған
қуыстарда орналасады. Хондроциттер сыртынан қапшықтармен қапталып,
қатар-қатар болып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |