63 — сурет. Пластинкалық сүйек ұлпасының остеондар жүйесі. (минеральды
тұдары еріп кеткен тығыз сүйек затының көлденең кесіндісі).
1 - остеон (сүйек пластинкаларының гаверс жүйесі): а — остеон өзегі (қан
тамырлары өтеді), б — сүйек пластинкалары, в — сүйек лакуналары, г — сүйек
өзекшелері; 2 — сүйек пластинкаларының ендірме жүйесі, 3 — ендірме жүйсінің бұзылу
жиегі.
Сүйек ұлпасының дамуы — остеогенез. Жануарлар организмінде
остеогенездің екі түрі ажыратылады. Олар: ұрықтық (эмбриондық)
остеогенез жəне туғаннан кейінгі остеогенез.
Эмбриондық остеогенезде сүйек ұлпасы мезенхимадан екі түрлі жолмен
дамиды: 1) жарғақтық остеогенез — сүйек ұлпасының тікілей мезенхимадан
дамуы; 2) сүйек ұлпасының шеміршек орнында дамып жетілуі.
Туғаннан кейінгі остеогенез жануарлар қаңқа сүйектерінің қалпына
келуімен (регенерация) шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |