Жүйке ұлпасы
Жүйке ұлпасы — жүйке жүйесі мүшелерінің негізін құрайтын, жоғары
дəрежеде жетіліп маманданған ұлпа. Ол орталық жүйке жүйесінде жұлын
мен мидың сұр жəне ақ заттарын, шеткі жүйке жүйесінде жүйке
түбіршіктерін, жүйке түйіндерін, жүйкелерді, жүйке тораптарын, жүйке
үштарын құрайды. Жүйке ұлпасы қоршаған сыртқы жəне организмнің ішкі
орталарынан келетін тітіркеністерді қабылдап, олардың əсерлерінен қозады
да, жүйке толқындарын (импульстерін) түзеді. Пайда болған жүйке
толқындарын одан өрі өткізіп, орындаушы мүшелерге жеткізеді де,
тітіркендіргіштерге қарсы дененің жауап реакциясының іс жүзіне асуын
қамтамасыз етеді. Осының нəтижесінде жүйке ұлпасы организм мүшелері
мен мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттеуге қатысып, олардың
жұмыстарын үйлестіре отырып, организмді біртүтас етіп біріктіріп
(интеграция), оны қоршаған ортамен байланыстыру қызметін атқарады.
Жүйке ұлпасы жүйке жасушалары — нейроциттерден (нейрондардан) жəне
Достарыңызбен бөлісу: |