Морфология


Униполярлы  нейроциттердің



Pdf көрінісі
бет243/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Униполярлы  нейроциттердің  тек  бір  өсіндісі  болады.  Ол  аксонның 

қызметін  атқарады.  Дендриттері  болмағандықтан  жүйке  толқындарын 

нейроцит  перикарионы  (денесі)  қабылдайды.  Сақа  жануарлар  жүйке 

жүйесінде  таза  униполярлы  нейроциттер  болмайды.  Олар  тек  эмбриондық 

даму  қезеңінде  ғана  ұрық  организмінде  кездеседі.  Бұлар  дендриттері 

жетілмеген  бір  өсінділі  жас  нейроциттердің  ізашар  жасушалары  — 



нейробласттар

Биполярлы нейроциттердің бір өсіндісі дендриттің, ал екінші өсіндісі, 

аксонның 

қызметін 

атқарады. 

Биполярлы 

нейроциттер 

жануарлар 

организмдерінде  көздің  торлы  қабығында  жəне  қүлақтың  айналымды 

(спиральды)  жүйке  түйінінде  (ганглийінде)  орналасады.  Ал  жұлын 

түйіндеріндегі 

сезімтал 

нейроциттер 

құрылысы 

жағынан 


"жалған 


143 

 

униполярлы"  нейрондар  қатарына  жатады.  Бұл  жасушаларда  нейроцит 



денесінен шыққан бір өсінді Т əрпі тəрізді екіге бөлініп, бір-бірінен ажырап, 

оның  бірі  дендритке,  ал  екіншісі  аксонға  айналады.  Сондықтан,  бұл 

нейроциттерді де, биполярлы нейрондарға жатқызады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет