МОЙЫН, БЕЛ, ҚҮЙЫМШАҚ ЖƏНЕ ҚҰЙРЫҚ
ОМЫРТҚАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Мойын омыртқалар (шейные позвонки) — vertebrae cervicales —
барлық сүтқоректі жануарларда жеті омыртқадан тұрады. Құрылысы жағанан
бірінші, ауыз омыртқа, екінші, толғау омыртқа немесе білік, алтыншы жəне
жетінші мойын омыртқалар өздеріне тəн кұрылыс ерекшеліктерімен
сипатталады. Ал үшінші, төртінші жəне бесінші мойын омыртқалардың
құрылысы бір-біріне ұқсас. Сондықтан, осы үш мойын омыртқаларды
біріктіріп, ортаңғы мойын омыртқалары — деп атайды.
Ауыз омыртқа немесе атлант (atlas) бірінші мойын омыртқа. Атлантта
омыртқа денесі болмайды. Ол дорсальды жəне вентральды доғалардан
(arcus dorsalis et ventralis) құралған. Олардың сыртқы беттерінде аттарына
сəйкес дорсальды жəне вентральды төмпешіктер (tuberculum dorsale et
169
tuberculum ventrale) орналасады. Аталған доғалар омыртқаның екі бүйірінде
қосылып, атлант қанаттарын (ala atlantis) құрайды. Олардың алдыңғы
жағында атланттың жоғарғы бетінен қанаттың төменгі бетіндегі атлант
Достарыңызбен бөлісу: |