Толғау омыртқа немесе білік омыртқа (эпистрофей) — axis — екінші
мойын омыртқа. Білік омыртқаның құрылысы басқа нағыз омыртқаыларға
ұқсас, яғни денеден, доғадан жəне омыртқа тесігінен жəне оларға тəн
тетіктерден тұрады.
Толғау омыртқасы басының орнында тісше өсінді (dens) көрінеді. Тісше
өсіндінің төменгі жағында атланттың каудальды буын шұңқырымен
байланысатын вентральды буын беті (facies articularis ventralis) болады.
Омыртқаның жоталық есіндісі нашар жетілген. Омыртқа денесі мен көлденең
өсінді аралығында тамырлар мен жүйкелер өтетін көлденең өзек, ал омыртқа
доғасының алдыңғы жағында омыртқааралық тесік бар. Краниальды буын
өсінділері болмайды, ал каудальды буын өсінділері жақсы жетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |