85 - сурет. Сиыр қабырғасы
I — суйек қабырға, II — қабырға шеміршегі. 1 —- қабырғаның омыртқалық ұшы, 2
— қабырға басы, 3 — қабырға мойны, 4 — еттік сай, 5 — қабырға денесі, 6 — сүйек
қабырғаның төссүйектік ұшы, 7 — қабырға шеміршегінің төссүйектік ұшы, 8 —- қабырға
төмпешігі, 9 — қабырға бұрышы, 10 — тамырлы сай.
Төссұйек (грудина, грудная кость) — sternum — көкірек кереге-сінің
вентральды қабырғасының сүйектік негізін кұрайды. Ол төссүйек
тұтқасынан, денесінен жəне семсерше өсіндісінен тұрады. Төссүйек тұтқасы
(manibrium sterni) төссүйектің 2-нші қабырғаға дейінгі бөлігі. Ол төссүйек
денесімен буын арқылы байланысады. Төссүйек денесі (corpus sterni) бір-
168
бірімен шеміршек аралықтар арқылы байланысқан 5-6 жұп төссүйек
бөліктерінен (сегменттерінен) — sternebra — тұрады. Оның екі бүйірінде
қабырға шеміршектерімен байланысатын қабырғалар ойықтары (incisura
costalis) болады. Пішіні үшкірленіп келген төссүйектің семсерше өсіндісі
(processus xiphoideus)
Достарыңызбен бөлісу: |