Морфология



Pdf көрінісі
бет311/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Қүйымшақ  омыртқалары  (крестцовые  позвонки)  —  vertebrae  sacrales 

—  жануарларда  бір-бірмен  өзара  бірігіп  сүйектеніп,  құйымшақ  сүйегін  (os 

sacrum)  құрайды.  Оның  пішіні  үшбұрышты  болып  келеді.  Оның  жалпақтау 

келген  алдыңғы  жағын  құйымшақ  табаны  (basis  ossis  sacri),  жіңішкелеу 

келген  артқы  ұшын  құйымшақ  төбесі  (apex  ossis  sacri)  —  деп  атайды. 

Құйымшақ омыртқаларының денелері мен доғалары өзара бірігіп сүйектеніп 

кеткендіктен, омыртқа тесіктері де бірігіп, құйымшақ өзегін (canalis sacгаlis) 

құрайды.  Құйымшақ  омыртқаларының  аралықтарында  қан  тамырлары 

мен  жуйкелер  өтетін  дорсальды  жəне  вентральды  құйымшақ  тесіктері 

(foramen sacrale dorsale et ventrale) болады. Аталған тесіктер омыртқалардың 

шекарасын  анықтайтын  сызықтар  бойында  орналасады.  Бірінші  құйымшақ 

омыртқа  денесінің  алдыңғы  жағындағы  көтеріліп  тұрған  вентральды  жиегін 



мүйіс  (promontorium)  —  деп  атайды.  Алдыңғы  екі  омыртқаның  көлденең-

қабырға  өсінділері  бірігіп,  құйымшақ  сүйегінің  қанатын  (ala  ossis  sacri) 

құрайды.  Оның  сыртқы  жағындағы  құлақша  буык  беті  (facies  auricularis) 

арқылы  құйымшақ  сүйегі  жамбас  сүйегінің  аттас  бетімен  байланысып, 

қарапайым тегіс құйымшақ-мықын буынын құрайды. Қалған омыртқалардың 

көлденең-қабырға  өсінділері  бірігіп,  құйымшақтың  бүйірлік  бөлігін,  ал 

жоталық өсінділер дорсальды қырды түзеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет