Құйрық омыртқалары (хвостовые позвонки) — vertebrae caudales s.
coccygeae — басқа омыртқаларға қарағанда құрылысы қарапайым. Омыртқа
доғалары мен жоталық өсінділері тек алдыңғы 4-5 омыртқалыларда ғана
болады, ал қалған омыртқалардың тетіктері жетілмеген. Сондықтан, омыртқа
тесіктерінің орындарында ашық өзектер болады. Күйіс қайтаратын
жануарлар мен итте алдыңғы 2-5 омыртқа денелерінің вентральды бетінде
қан тамырлары мен жүйкелер өтетін гемальды доғалар өзегі болады. Соңғы
омыртқалар тек омыртқа денелерінен тұрады, басқа тетіктерден тек кішігірім
төмпешіктер сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |