Ерекшеліктері. Жылқының ортаңғы мойын омыртқаларының тұрқы
ұзын, жоталық өсінділерінің орнында тым аласа жоталық қыр болады.
Сиыр, қой жəне ешкі ортаңғы мойын омыртқаларының тұрқы қысқалау
келеді. Жоталық өсінділері жақсы жетілген.
Шошқаның ортаңғы мойын омыртқаларының денелері мен доғалары
қысқа, жоталық өсінділері жіңішке жəне ұзын болып келеді.
Итте омыртқа денелерінің басы мен шұңқыры жалпақ болып келеді,
вентральды қырлары тек омыртқа денесінің артқы жағында жақсы көрінеді.
Үшінші мойын омыртқада жоталық өсінді болмайды, ал төртінші
омыртқадан бастап, ол артқа қарай ұзара береді. Каудальды буын
өсінділерінің жоғарғы жағында емізікше өсінділер орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |