Морфология


БАССҮЙЕК    Бассүйек (череп) — cranium



Pdf көрінісі
бет316/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

БАССҮЙЕК 

 

Бассүйек (череп) — cranium — бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ 

сүйектерден  құралған  қаңқаның  ең  күрделі  бөлігі.  Бассүйек  жануарлар 

организмі бас аумағында тіршілікке тым қажетгі ми, көру, есту, иіс жəне дəм 

сезу  мүшелері  мен  азық  қорыту,  тыныс  алу  жүйелерінің  бас  аумағыңдағы 

мүшелерін  сыртынан  қаптап,  қорғаныс  қызметін  атқаратын  ми  қорабы  мен 

ауыз  жəне  мұрын  қуыстарының  сүйектік  негізін  құрайды.  Сонымен  қатар, 

бас  пен  мойын  бірігіп,  ауырлық  орталықтарының  дене  бөліктеріне  түсуін 

өзгерте отырып, организмнің кеңістіктегі қозғалыс түрлеріне де əсер етеді. 

Бассүйек екі бөлімнен: ми сауыты жəне бет бөлімінен тұрады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет