Ерекшеліктері. Жылқыда самай қанатының артқы жиегінде үш ойық
болады. Олар: медиальды – ұйқы ойығы (incisura carotica), ортаңғы - жота
ойығы (incisura spinosa), латерельды – сопақ ойығы (incisura ovalis). Самай
қанатының мимен жанасатын ішкі бетіндегі алмұртша шұңқырдан екі сай
шығады. Олардың медиальды сайы көздік саңылаумен, ал латеральды сайы
дөңгелек тесікпен жалғасады. Негізгі сынаша сүйек қанатша өсіндісінің
басталатан жері екіге айырылып, қанат өзегін (canalis alaris) құрайды. Қанат
өзегіне үш тесік ашылады. Олар: алдыңғы жəне артқы қанат тесіктері
(foramen alare rostrale et caudale) мен өзектің дорсальды қабырғасындағы кіші
қанат тесігі (foramen alare parvum). Сынаша сүйек қойнауы жоғарғы жақ
сүйегі қойнауымен жалғасып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |