Ерекшеліктері: Жылқыда соқаша сүйек таңдай сүйекке жалғасады,
сиырда, ұсақ малдарда жəне итте ол таңдай сүйекке жетпейді, ал шошқада
соқаша сүйек ұзын болып келеді де, тұмсық сүйекке дейін жетеді.
Тұмсық сүйек немесе кескіш сүйек (резцовая кость) — os incisivum —
жоғарғы жақ сүйектің алдында орналасқан жұп сүйек. Ол сүйек денесінен,
мұрын жəне таңдай өсінділерінен тұрады. Кескіш сүйек денесінде күрек
тістер орналасатын тісті жиек болады. Оның тіс ұялары жоқ жерін тіссіз
жиектер — деп атайды. Тұмсык сүйектің мұрын өсіндісі (processus nasalis)
мұрын сүйекке қарай бағытталып, мұрын қуысының басталар бүйір
қабырғасын құрайды. Ал тандай өсіндісі (processus palatinus) сүйек таңдайды
құрауға қатысады. Мұрын өсіндісінің негізі мен тандай өсіндісі аралығында
Достарыңызбен бөлісу: |