Морфология



Pdf көрінісі
бет345/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ерекшеліктері:  Жылқыда  жақсы  жетілген  бет  сүйектің  сыртқы 

бетіндегі бет қыры жоғарғы жақ сүйектің бет қырына жалғасып кетеді. Үлкен 

шайнау бұлшық еті бекитін сүйек беті жалпақ. 

Сиыр мен ұсақ малдардың бет сүйегінің артқы жағындағы өсіндісі екі 

айырылып тұрады. Олардың жоғарғысы мандай өсіндісі, маңдай сүйектің бет 

өсіндісімен  жалғасып,  көз  шарасын  (аңғалақты,  көздікті)  шектейді.  Ал 

екіншісі бет сүйектің самай өсіндісі, самай сүйектің бет өсіндісімен қосылып 

кетеді. Бет қыры жақсы жетілген. 

Шошқада бет сүйектің сыртқы беті сойдақ тістік шұңкырды жасауға 

қатысады.  Маңдай  өсіндісі  нашар  жетілген,  ал  самай  өсіндісі,  керісінше, 

кұппі жетіліп, самай сүйектің бет өсіндісімен қосылып кетеді. 

Итте бет сүйегі сырткд қарай майысып шығып тұрады. Мандай өсіндісі 

нашар, самай өсіндісі жақсы жетілген. 



Тандай  сүйек  (небная  кость)  —  os  palatinum  —  сынаша  сүйек  пен 

жоғарғы жақ сүйек аралығында орналасады. Тандай сүйектің жоғарғы жиегі 

көзжасы  жəне  маңдай  сүйектерімен  шектеседі.  Оны  горизонтальды  жəне 



185 

 

вертикальды жалпақ сүйек тақташалары құрайды. Горизонтальды тақташа 



(lamina  horizontalis)  сүйек  тандайдың  артқы  бөлігін  жəне  хоана  тесіктерінің 

алдыңғы  тандай  жиектерін,  ал  вертикальды  тақташа  (lamina  verticalis) 



хоана  (choana)  тесіктерінің  қабырғасы  мен  сына-таңдай  шұңқырының 

қабырғасын  құрауға  қатысады.  Тандай  сүйек  арқылы  тандай  өзегі  өтеді. 

Оның  горизонтальды  тақташада  орналасқан  алдыңғы  тесігі  үлкен  таңдай 

тесігі  —  деп  аталады,  Ал  артқы  таңцай  тесігі  жоғарғы  жақ  сүйектің  артқы 

жағында жатқан сына-таңдай шұңқырына ашылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет