Морфология


еркін  қозғалатын  бөлімі



Pdf көрінісі
бет354/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

еркін  қозғалатын  бөлімі  өз  кезегінде  жоғарғы 

проксимальды  бөлік  (стилоподий),  ортаңғы  бөлік  (зейгоподий)  жəне 

төменгі  дистальды  бөлік  (автоподий)  болып  үш  бөлікке  бөлінеді. 

Аяқтардың  еркін  қозғалатын  бөлімінің  жоғарғы  проксимальды  (лат. 

proximalis  -  денеге  жақын)  бөлігі  стилоподий  (stylopodium,  грек,  stylos  ~ 

бағанаша; pous, podos — аяк) — деп аталады. Стилоподийдің негізін тек бір 

сүйек  (жілік)  құрайды.  Алдыңғы  аяқта  ол  тоқпан  жіліктен,  ал  артқы  аяқта 

ортан  жіліктен  тұрады.  Еркін  қозғалатын  бөлімнің  ортаңғы  бөлігі 



зейгоподий  (zeugopodium,  грек,  zeugos  -екеу,  жұп  жəне  аяқ)  екі  сүйектен 

құралған.  Оны  алдыңғы  аяқта  білек  сүйектері  (кəрі  жілік  жəне  шынтақ 

сүйек),  ал  артқы  аяқта  сирақ  сүйектері  (асықты  жілік  жəне  шыбықсүйек) 

құрайды. Еркін қозғалатын төменгі дистальды (лат. distalis — денеден алшақ, 

қашық)  бөлігі  автоподийді  (autopodium,  грек,  autos  —  өздігінен,  өзі  жүреді 

жəне  аяк)  алдыңғы  жəне  артқы  аяқ  бастарының  сүйектері  құрайды. 

Аяқбастарының  сүйектері  өз  кезегінде:  базиподий  (basipodium,  грек,  basis  - 

негіз жəне аяқ), метаподий (metapodium, грек, meta — аралық жəне аяқ) жəне 




188 

 

акроподий  (acropodium,  грек,  acros  -  соңғы,  ақырғы  жəне  аяқ)  болып  үш 

бөлікке  бөлінеді.  Базиподийге:  алдыңғы  аяқта  тізе  сүйектері,  артқы  аяқта 

тілерсек сүйектері, метаподийге: алдыңғы аяқта алдыңғы жіліншік сүйектері, 

артқы  аяқта  артқы  жіліншік  сүйектері,  акроподийге:  алдыңғы  жəне  артқы 

аяқтардағы бақай сүйектері жатады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет