АЛДЫҢҒЫ АЯҚТЫҢ ҚАҢҚАСЫ
Жануарлар алдыңғы аяғының (membra thoracici) қаңқасы иық белдеуі
мен еркін қозғалатын бөлімнен тұрады. Иық белдеуінің қаңқасы жауырын,
бұғана жəне құс тұмсықша сүйектерден құралған. Аталған сүйектер құстарда
толығымен сақталған. Адам мен маймылдарда жəне мысық тұқымдас
жыртқыш аңдарда иық белдеуі қаңқасы жауырын мен бұғанадан, ал үй
жануарларында тек жауырыннан тұрады.
Алдыңғы аяқ иық белдеуі (cingulum membri thoracici) бөлімінің
қаңқасы — жауырын.
Жауырын (лопатка) — scapula — пішіні үшбұрышты жалпақ келген
сүйек. Осыған орай жауырынның үш: краниальды бұрышы (angulus
cranialis), каудальды бұрышы (angulus caudalis) жене вентральды бұрышы
(angulus ventralis) жəне дорсальды (margo dorsalis), краниальды (margo
cranialis) жəне каудальды жиектері (margo caudalis) болады. Оның жауырын
қыры жағындағы сыртқы бетін латеральды бет (facies lateralis),
қабырғалармен жанасқан ішкі бетін қабырға беті (facies costalis) — деп
атайды. Жауырынның жоғарғы жалпақ табанына (basis scapulae) жауырын
шеміршегі (cartilago scapulae) байланысып тұрады. Жоғарыдан төмен қарай
өтетін жауырын қыры (spina scapulae), жауырынның сыртқы латеральды
бетін көлемі кішілеу келген алдыңғы қыралды шұңқырға (fossa
supraspinata) жəне көлемі үлкендеу келген артқы қарарты шұнқырына
(fossa infraspinata) бөледі. Жауырын қыры жоғарыдан төмен қарай созылып,
акромион (acromion) өсіндісімен аяқталады. Жауырын қырының орта
тұсында жауырын қырының төмпегі (tuber spinae scapulae) болады.
Жауырынның төменгі вентральды бұрышына жақын жіңішкеріп келген
Достарыңызбен бөлісу: |