Морфология



Pdf көрінісі
бет357/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

жауырынасты  шұңқыры  (fossa  subscapularis)  орналасады.  Буын  үсті 

төмпегінің медиальды жағында құс тұмсықша өсінді (processus coracoideus) 

шығып тұрады. 



189 

 

Ерекшеліктері:  Жылқы  мен  шошқада  акромион  өсіндісі  болмайды, 

бірақ  жауырын  қырының  төмпегі  болады.  Күйісті  жануарлар  мен  итте 

акромион жақсы жетілген. 

 

97 - сурет. Жауырын А — сиыр, Б — жылқы (латеральды беті) жəне В — 

медиальды беті, Г — шошқа. 

1 — жауырын шеміршегі, 2 — краниальды бұрыш, 3 -  қыралды шұңқыры, 4 — 

жауырын қыры, 5 — жауырын мойны, 6 — акромион, 7 — буын үсті төмпегі, 8 — 

каудальды бұрыш, 9 — қырарты шұңқыр, 10 — буын ойысы, 11 — қыр төмпегі, 12 — 

тісше сызық, 13 -  жауырын асты 

 

Алдыңғы аяқ қаңқасының еркін қозғалатын бөлімі (skeleton membri 

thoracici liberi) — жоғарғы проксимальды бөлігінің қаңқасы — тоқпан жілік. 



Тоқпан жілік (плечевая кость) — humerus, s. os brachii — іші куыс ұзын 

жілік.  Тоқпан  жілік  алдыңғы  аяқ  еркін  қозғалатын  бөлімнің  жоғарғы 

проксимальды  бөлігі  стилоподийді  (stylopodium)  кұрайды.  Тоқпан  жіліктің 

ұзын  денесін,  оның  денесі  (диафизі),  ал  жіліктің  жоғарғы  жəне  төменгі 

жуандау  келген  бастарын  проксимальды  эпифиз  жəне  дистальды  эпифиз 

деп  атайды.  Тоқпан  жіліктің  буын  беті  гиалин  шеміршегімен  қапталған, 

пішіні  дөңгелек  шарға  ұқсаған  проксимальды  эпифизінің  басын  тоқпан 

жілік басы (caput humeri), ал жілік басының төменгі жағындағы жіңішкелеу 

келген  жілік  бөлігін  тоқпан  жілік  мойны  (collum  humeri)  —  деп  атайды. 

Проксимальды  эпифизі  жілік  басының  сыртқы  латеральды  жағында  үлкен 

төмпешік  (tuberculum  majus),  ал  ішкі  медиальды  жағында  кіші  төмпешік 

(tuberculum  minus),  олардың  аралығында  төмпешікаралық  сай  (sulcus 

intertubercularis)  болады.  Үлкен  төмпешіктен  жіліктің  латеральды  бетіндегі 

диафизіне  қарай  бағытталған  үлкен  төмпешік  қыры  (crista  tuberculi  majus) 

мен  дельташа  (атырауша)  бұдыр  (tuberositas  deltoidea),  ал  диафиздің 

медиальды  бетінде  үлкен  жұмыр  бұлшық  ет  бұдыры  (tuberositas  m.  teres 

major) көрінеді. Дельташа бұдырдан үлкен төмпешіктің артқы жағына қарай 

шынтақ  сызығы  (linea  апсопаеа)  иіліп  жатады.  Тоқпан  жіліктің  дистальды 

эпифизінің  буын  беті  де,  гиалин  шеміршегімен  қапталып,  тоқпан  жілік 



шығыры  (trochlea  humeri)  —  деп  аталады.  Жілік  білігіне  қиғаштау 

орналасқан тоқпан жілік шығыры көлденең сай арқылы бір-бірінен бөлінген 

екі  айдаршықтан  құралған.  Олардың  көлемі  жағынан  үлкені  —  медиальды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет