Білек сүйектерін (кости предплечья) — ossa antebrachii — əр түрлі
деңгейде дамыған кəрі жілік пен шынтақ сүйектері құрайды. Аталған
сүйектер алдыңғы аяқ еркін қозғалатын бөлімнің ортаңғы бөлігі
зейгоподийді (zeugopodium) құрайды.
Кəрі жілік (лучевая кость) — radius — диафизден, проксимальды жəне
дистальды эпифиздерден тұрады. Проксимальды эпифизді кəрі жілік басы
(caput radii) құрайды. Жілік басының жоғарғы жағында гиалин шеміршегімен
қапталған кəрі жілік басының шұңқыры (fovea capitis radii) орналасады.
Кəрі жілік басы тоқпан жілік шығырымен байланысып, құрылысы
қарапайым, көп білікті иық буынын жасайды. Кəрі жілік басынан сəл
төменірек жіңішкелеу келген жіліктің бөлігін жілік мойны (collum radii) —
деп атайды. Проксимальды эпифиздің алдыңғы бетінде кəрі жілік бұдыры
(tuberositas radii) байқалады. Жіліктің диафизі дорсальды бағытта сəл иіліп
тұрады. Жіліктің дистальды эпифизін тізе буынын жасауға қатысатын кəрі
жілік шығыры (trochlea radii) түзеді. Оның буын беті гиалин шеміршегімен
қапталып, екі бүйірі үшкір латеральды жəне медиальды бізше
Достарыңызбен бөлісу: |