Итте шынтақ сүйек тым жақсы жетілген. Ол кəрі жілікпен ұзынынан
өзара қозғалмалы байламдар арқылы байланысады.
Алдыңғы аяқ басының қаңқасы (скелет кисти) — skeleton manus —
тізе, алдыңғы жіліншік жəне бақай сүйектерінен құралған. Алдыңғы аяқ
басының қаңқасы еркін қозғалатын бөлімнің төменгі дистальды бөлігі
автоподийді (autopodium) құрайды.
Тізе сүйектері (кости запястья) — ossa carpi — проксимальды жəне
дистальды екі қатарда орналасқан қысқа сүйектерден құралған. Тізе
сүйектерінен құралған алдыңғы аяқ басы қаңқасының жоғарғы бөлігін
базиподий (basipodium) — деп атайды. Тізе сүйек-терінің проксимальды
қатарын тізенің медиальды жағынан латеральды жағына қарай ретімен
орналасқан төрт сүйек: кəрі жіліктік тізе сүйек (os carpi radiale), аралық
Достарыңызбен бөлісу: |