Ерекшеліктері: Жылқыда алдыңғы жіліншік сүйектері үш жіліншік
сүйектен тұрады. Олар: II , III жəне IV сүйектер. I жəне V жіліншік сүйектер
болмайды. II жəне IV жіліншік сүйектер жетілмеген, олардың тек
проксимальды бөліктері ғана қалған. Тек, III жіліншік сүйегі ғана толық
жетіліп, III бақаймен буынды байланыс түзеді.
100 - сурет. Алдыңғы аяқ басының сүйектері, В - сиыр, Г - жылқы. a (I) — тізе
сүйектері, (II) — алдыңғы жіліншік сүйектер, в (III) — бақай сүйектер.
1 — шынтақ сүйек, 2 —шынтақ сүйектік тізе сүйек, 3 — қосымша тізе сүйек, 4+5 -
төртінші жəне бесінші тізе сүйектер, 6 — бесінші жіліншік сүйек, 7 — төртінші жіліншік
сүйек, 8 — тұсамыс сүйек, 9 — топай сүйек, 10 — тұяқ
сүйек, 11 — кəрі жілік, 12 — кəрі жіліктік тізе сүйек, 13 — ортаңғы тізе сүйек, 15 —
екінші тізе сүйек, 16 — үшінші тізе сүйек, 18 —екінші жіліншік, 19 — үшінші жіліншік.
III — үшінші бақай, IV — төртінші бақай.
Достарыңызбен бөлісу: |