медиальды айдаршықтар (condylus lateralis et medialis) құрайды. Дистальды
эпифиздің алдыңғы бетінде тобық сүйекпен буын арқылы байланысатын
тобыктық шығыр (trochlea patellaris) болады. Латеральды жəне медиальды
айдаршықтардың жоғарғы жағында тобықтық шығырдың латеральды жəне
медиальды қырлары шектеп тұрған - латеральды айдаршықүсті
(epicondylus lateralis) жəне медиальды айдаршықүсті (epicondylus medialis)
орналасады. Латеральды айдаршықүстінде байлам төмпешігі жəне байлам
шұңқырымен қатар, жазғыш шұңқыр (fossa extensoria) мен тобықасты
шұңқырды (fossa m. poplitei) көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |