Ерекшеліктері: Жылқыда ортан жілік басында шұңқыр болады. Үлкен
ұршықтан ортаңғы ұршық (trochanter medius) сай арқылы бөлініп тұрады.
Жілік диафизінің латеральды бетінде кіші ұршыққа қарама-қарсы жəне сəл
төменірек үшінші ұршық (trochanter tertius) орналасады. Айдаршықүсті
шұңқыры тереңдеу келеді. Сонымен, жылқының ортан жілігінде төрт ұршық:
үлкен, ортаңғы, кіші жəне үшінші ұршықтар, ал басқа жануарларда тек үлкен
жəне кіші ұршықтар ғана болады.
Күйіс қайтаратын жануарларда айдаршықүсті бұдыр болады.
Шошқада ортан жілік диафизінің дисталды бөлігі төртқырлы болып
келеді.
Итте ортан жілік жіңішке болып келіп, үлкен ұршық жілік басынан
аспайды. Денесінің дистальды бөлігіндегі латеральды ернеу бойында
айдаршықүсті төмпешік орналасады.
197
Достарыңызбен бөлісу: |